Оқушы тротуармен жүріп келе жатып, кейін еріген су шетімен жүргісі келіп, құлап кеткен.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде бірнеше аудандағы су тасқыны салдарынан оқушы қыз суға батып кете жаздады, деп жазады "Диапазон".
Оқиға бейсенбіде Батыс-2 шағынауданындағы "Арбат" тұрғын үй кешені маңында болған. Оқушы тротуармен жүріп келе жатып, кейін еріген су шетімен жүргісі келіп, құлап кеткен. Ол су астына басымен батып кеткен, одан ары ағын алып кеткен. Көмекке бірнеше ер адам жүгіріп келген. Олар баланы судан әрең шығарған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баланы құтқару әрекеті көрінетін кадрлар тарады.
Кешке қарай қаланың су басқан аудандарына Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров келді.
Оразалин Шахаровты осындай жағдайға жол бергені үшін айыптады.
"Қаланы аралау кезінде барлығы бақылауда екенін, қар уақытылы шығарылатынын және су тасқынына байланысты қандай да бір проблемалар туындамайтынын қанша рет баяндадыңыз. Кім жауапты болады? Шара қабылдаңыздар", - деді аймақ басшысы.
Оразалин мұндай су тасқынына жол берген барлық жауапты қызметкер жазаланатынын айтты.