Мамандар өрттің шығу себептерін анықтауда.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Azattyq Ruhy.
«Ағымдағы жылғы 2 желтоқсан күні сағат 4:12 -де112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Бутак-9 АЗХС бау-бақша ұжымы, учаскесінде жеке үйдің жанып жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына 17 адам 3 техника жіберілді. Өрт 4 сағат 30 минутта сөндірілді.», - делінген ведомствоның хабарламасында.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 шаршы метр аумақты жалын шарпыған. Оқиға орнынан 1984 жылғы ер адамның мәйіті анықталды.