Оқиға орнында 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмыс істеген.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде перзентханада матрац жанып, 500-ге жуық адам құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгін сағат 10:23-те Ақтөбеде перинатальды орталықтың жертөлесіндегі матрац жанды. Өрт 10:40-та өшірілді. Барлығы 175 адам құтқарылды. Оның 78-і бала, 97-сі ана. Сонымен қатар, 316 медицина қызметкері эвакуацияланды. Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді. Апатты медицина орталығы мен Жедел құтқару жасағынан 7 адам, 2 техника барды. Жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақ өртенді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбеде перинатальды орталық қызметкерлерінің айтуынша, өрт шыққан кезде босану бөлмесінде 7 жүкті келіншек болған.