Жарылғыш затты Алматы аудандық №2 бөлімшесінен жұмысшылар тауып алған.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде полиция бөлімшесіндегі жөндеу жұмыстары кезінде еден астынан граната табылды, деп жазады NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жарылғыш затты Алматы аудандық №2 бөлімшесінен жұмысшылар тауып алған.
Аумақ бірден қоршауға алынып, ғимарат ішінен жүздеген адам эвакуацияланды. Оқиға орнына келіп жеткен әскери-инженерлік қызметкерлер гранатаның тұтандырғышсыз екенін анықтады.
Жарылғыш затты жою үшін тәркіледі.