Ақтөбеде жас жігітті өлтіріп, аурухана дәлізіне тастап кеткен

0
1 349

Жігіт жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған.


Ақтөбеде жас жігітті өлтіріп, аурухана дәлізіне тастап кеткен

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жас жігітті өлтірген күдіктілер оны аурухана дәлізіне тастап кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Ақтөбе облысының Алға ауданында болды. Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, мерт болған жас жігітті күдіктілер аурухана дәлізіне тастап, өздері қашып кеткен. Аурухананың кезекші қызметкері үш адамның қара түсті көлікпен келгенін полицияға хабарлаған.

«Алға аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөлімі барлық тәртіп сақшыларына хабар берді. Патруль полиция ротасының екі қызметкері Махамбет Садықов пен Бердібек Бекқали тас жолды күзету кезінде барлық қара түсті көліктерді тоқтатты. Көп ұзамай Бестамақ ауылына кірер тұста үш ер адам мінген қара-көк түсті «Лексус» автокөлігі тоқтатылды. Олардың іс-әрекеті полиция қызметкерлерінің күдігін туғызды. Көлікті тексеру кезінде күдіктілердің бірі жанжал барысында жас жігітке пышақ салғанын, марқұмның оқиға орнында көз жұмғанын айтып, кінәсін мойындады. Сол жерді пышақ тәркіленді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.