Бұдан басқа үй қоймасынан 12 калибрлі "ИЖ-18мм" бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 патрон табылған.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде жергілікті тұрғынның үйінен 167 дана киік мүйізі табылды, деп жазады Polisia.kz.
28 қазанда Шалқар ауданының Бегімбет кентінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 36 жастағы жергілікті тұрғын мен Қызылорда облысы Арал ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктілердің бірінің үйінің ауласында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз тұрған "Планета-3" маркалы мотоциклді тінту барысында 167 дана киік мүйізі салынған полипропилен қап, бұдан басқа үй қоймасынан 12 калибрлі "ИЖ-18мм" бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 патрон, ас үй бөлмесіндегі қол жуғыштың астынан салмағы 5 келі киік еті бар полиэтилен пакет табылды.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-тармағы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.