Ақтөбедегі әйел мен ұлының өлімі: сотта күтпеген жайттар айтылды

0
556

Биыл наурызда пәтерден зорлықпен өлтіру белгілері бар 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының мәйіті табылды.


Ақтөбедегі әйел мен ұлының өлімі: сотта күтпеген жайттар айтылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде әйел мен оның ұлын өлтіруге қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Биыл наурызда пәтерден зорлықпен өлтіру белгілері бар 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының мәйіті табылды. Сондай-ақ, пәтерде 13 жастағы қыз болған, ол аман қалған.

Адам өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында қайтыс болғаны белгілі болды. Оның туыстары күдіктіні ақтап, кінәсіздігін дәлелдеуге тырысып жатыр. Сот отырысы Ақтөбе қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

"2023 жылдың 28 наурызында, шамамен 22 сағат 30 минутта, Е. жұмыстан шыққаннан кейін, алкоголь сатып алады: төрт шиша сыра. Содан кейін ол дөнер сататын дүңгіршекке барады, ол көшеде тұрып төрт шиша сыраны түгел ішіп алады. Ішімдік ішкеннен кейін, мас күйдегі Е., заңсыз баюды ойлап, тонау ұйымдастырмақ болады", - деді сотта іс бойынша айыптаушы Нұрбек Ілиясов.

Артынша, тергеу мәліметтері бойынша, пышақпен қаруланған ер адам тонау үшін қолайлы пәтер іздей бастаған. Іс материалдарына сәйкес, марқұм әйел мен оның балалары тұратын екінші қабаттағы пәтердің ашық терезелері қаскөйдің назарына ілккен. Күдікті түнде барлығы ұйықтап жатқанда кірген.

"Кіреберістің шатыры арқылы, одан кейін газ құбырына шығып есігі ашық тұрған балконға емін-еркін кірген. Балконның ашық есігі арқылы пәтерге өткен. Ол бағалы заттар мен ақшаны іздей бастайды. Дәл сол уақытта пәтер иелерінің ұйықтап жатқанын көрген. Жатын бөлмеде ұйықтап жатқан Г., дыбыстан оянған. Содан үйдегі белгісіз адамды байқаған", - деп айыптау актісін оқыды прокурор Нұрбек Ілиясов.

Қылмыскер оған бірнеше рет пышақ сұққан, содан кейін анасының айғайынан оянған 16 жастағы ұлын пышақтаған. 13 жастағы қыз да жараланған. Ол көмек шақыру үшін ұялы телефонын пайдаланып үлгерген.

"Дәрменсіз күйде жатқан қызды еденге құлатып, екі қолымен қылқындыра бастаған және сотқа дейінгі тергеу кезінде анықталмаған пышақпен кәмелетке толмаған И.-дің мойнына бірнеше рет жарақат салған. И. қимылсыз жатқанын көріп, ол қайтыс болды деп ойлап, қылмыс орнынан бой тасалаған. (...) Содан кейін кәмелетке толмаған И. ұялы телефон функциясын қолданған - автоматты SOS қоңырауы, ол үшін телефонды құлыптау түймесін алты рет басу қажет болған. Нәтижесінде 119 жедел жәрдем қызметінің операторымен байланыс орнатылған", - деді прокурор сотта.

Полиция адам өлтірген күдіктіні анықтап, ұстады, бірақ кейінірек ер адам түрмеде өлі табылды. Оның туыстары әйел мен оның ұлын өлтіру ісі бойынша сотқа қатысып жатыр. Айыпталушының анасы сот процесіне онлайн қатысып, ұлының кінәсіздігін жариялайды.

"Ол менің жалғыз ұлым еді. Ол кінәлі емес", - деді әйел сотта.

Аман қалған қыз видеодан күдіктіні танығаны белгілі болды. Сот процесі жалғасып жатыр.