Ақтөбедегі таксист өлімі: Күдікті бұған дейін төрт рет заң бұзып, жауапқа тартылмаған

0
498

24 сәуірде Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтірген екі күдікті ұсталған еді.


Ақтөбедегі таксист өлімі: Күдікті бұған дейін төрт рет заң бұзып, жауапқа тартылмаған

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі такси жүргізушісінің өліміне қатысты күдіктінің бірі бірнеше рет ұрлық жасаса да, сот оны жазаламаған деген ақпарат белгілі болды. Осыған байланысты облыстық сот мәлімдеме жасады, деп жазады Stan.kz.

Сот шешім шығару кезінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын негізге алып, күдіктінің жасын, өкінуін, келтірген залалын және денсаулық жағдайын ескере отырып жаза тағайындағанын атап өтті.

Деректерге сүйенсек, күдікті бұрын төрт рет жауапкершілікке тартылған.

Алғаш рет күдікті соттың 2018 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен кәмелетке толмаған Федоренко жәбірленушімен татуласуына байланысты тонау фактісі бойынша (ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі 3-тармағы) қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Келесі рет 2020 жылдың 6 тамызында Федоренко жәбірленушімен татуласуына байланысты құны 20 000 теңге (ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы) құрылыс затын ұрлауға әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Бір жылдан кейін, 2021 жылдың 21 қаңтарында сот Федоренкоға 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Бұл жолыоған қорқыту әрекеті мен ұрлық жасағаны үшін (ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы), 3), 188-бөлігі 3-бөлігі 3) - тармағы) бойынша айып тағылған.

2021 жылдың 1 ақпанында Федоренконың ұрлық жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығы шектелді (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағы).

Айта кетейік, 24 сәуірде Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтірген екі күдіктінің ұсталғаны белгілі болды. Олар таксистті жол апатына түсіруге итермелеген.

Полицияның мәліметінше, мас күйінде көлікте екі ер адам: бірі 19, екіншісі 37 жаста болған. Деректер базасын тексеру автомобильдің басқа адамға тиесілі екенін көрсетті. Көлікті тексеру кезінде полиция рөл мен көлік салонынан қызыл дақтар анықталған. Кейінірек салонда полиция қызметкерлері қанға боялған пышақты тапты.

Күдіктінің бірі біраз уақыт бұрын таксистті өлтіріп, көлікті айдап кеткенін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша жүргізілуде.