Ақтөбедегі жол апаты: Көлік ішінде тағы екі баланың мерт болғаны анықталды

0
366

Ақтөбедегі жол апаты кезінде қаза тапқан оқушы саны 5-ке жетті.


Ақтөбедегі жол апаты: Көлік ішінде тағы екі баланың мерт болғаны анықталды

ERNUR.KZ. Самара-Шымкент тасжолындағы жол-көлік апаты туралы тың ақпарат шықты. Көлікте тағы екі баланың болғаны анықталды, деп жазады inform.kz.

Ақтөбедегі жол апаты кезінде қаза тапқан оқушы саны 5-ке жетті.

- Бүгін таңертең Самара-Шымкент автожолында жүк көлігімен Toyota-Ipsum автокөлігі соқтығысып, 6 адамның қаза болғаны туралы хабарланды. Қазіргі кезде көлік салонынан тағы екі баланың денесі шығарылды. Нәтижесінде апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапты. Жол апаты болған жерде тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр жатыр,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, оқиға орнына бүгін ғана тағайындалған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан мен облыстық білім басқармасының мамандары да кетті.

«Самара-Шымкент тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан бірнеше жерлесіміз марқұм болды. Арасында жас жеткіншектер, кәмелетке толмаған балалар да бар. Алдын ала мәліметтерге қарағанда балалар жеке ұйымның шақыртуымен ата-аналарымен бірге көрші облыста ұйымдастырылған жарысқа шыққан. Жарыс облыстық білім басқармасының, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кестесінде жоқ. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Барша марқұмдардың отбасына, ата-аналарына көңіл айтамыз,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан.

Еске салсақ, «Самара-Шымкент» халықаралық маңызы бар тас жолында Хромтау ауданының аумағында Toyota Ipsum минивэні және МАN маркалы жүк көлігі соқтығысты. Оқиға сағат 10:00 шамасында болды.