Ақтөбелік кәсіпкер салтанат залын жалға алу үшін ешқандай қаржы сұрамайды. Кез келген студент үйлену тойын тегін өткізе алады.
ERNUR.KZ. Ақтөбелік кәсіпкер Ербол Байжарқынов студенттерге арнап үйлену тойын тегін өткізуге болатын 200 адамдық салтанат сарайын салып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбелік кәсіпкер салтанат залын жалға алу үшін ешқандай қаржы сұрамайды. Кез келген студент үйлену тойын тегін өткізе алады.
Мұнда алкогольді ішімдікке тиым салынған. Жас жұбайлар отыратын төрдегі орын киіз үй пішінінде жасалған.
Бұл залдың бір ерекшелігі, жас жұбайлар отырған орнынан қозғалмай-ақ арнайы лифт арқылы жертөлеге түсе алады. Ол жерде дәретхана, сұлулық салоны бар. Сонымен қатар жертөледе үйлену тойына арналған киімдер жалға беріледі.
«Бізде тойды есте қаларлықтай етіп өткізу үшін не істейтіндерін білемін. Ол үшін несие алады. Ендігі мейрамхананы жалға алудан үнемделген ақшаға жас отбасыға пайдалы бірдеңе алып беруге болады. Мен үйленген кезде бәрі әлдеқайда қарапайым еді.Әрі шығын да аз болатын. Үйдің ауласында шатыр құрып, қонақ шақыратын», —дейді кәсіпкер.
Салтанат залына терезедегі перденің орнын алмастыратын табиғат бейнеленген суреттер ілінген. Ербол Байжарқыновтың сөзінше, мұндай зал әлемнің еш жерінде жоқ көрінеді.
«Заманауи әрі жайлы болуы үшін, ең жақсы материалдарды қолдануға тырысып жатырмыз. Салтанат залының құрылысына жарты жыл уақыт қажет болды. Бүге-шүгесіне дейін бақыладық. Зал тойдан бос уақытта бос тұрмайтын болады. Жертөледе кампьютер залы бар. Егер жатақханада сабақ оқуға мүмкіндік болмаса, студенттер осы жерге келіп, дайындала алады. Олар үшін мұндай қызмет те тегін ұсынылуда. Сонымен қатар караоке де болады», – дейді Ербол Байжарқынов.
Залдың ашылу рәсімінде кәсіпкер қонақтарға мол дастархан жайып, концерттік бағдарлама, айтыс өткізілді.