Ақтөбелік "валентинкаларды" жойып жатқанын ғаламторда жариялады (ВИДЕО)

0
1 005

Ақтөбе қаласының тұрғыны осы «мерекеге» арналған құттықтау хаттарды таратудың қажет емесін және бұл күн атап өтуге тұрмайтын мейрам екенін айтады.


Ақтөбелік

Ол «Әулие Валентин» күніне арналған хаттарды жою үшін сатып алды, - деп жазады жергілікті Ақтөбенің «Диапазон» газеті.

Ақтөбе қаласының тұрғыны осы «мерекеге» арналған құттықтау хаттарды таратудың қажет емесін және бұл күн атап өтуге тұрмайтын мейрам екенін айтады. Дей тұрғанмен, көптеген жастар жүрек пішіндес құттықтау хаттарды сыйлаудан жалығар емес.

- Біз өзіміз білетін дүңгіршіктерден бүкіл «открыткаларды» сатып алдық. Ондағы себеп, әрине мақтаныш үшін емес. Керісінше мақсатымыз – жасөспірімдердің ойын, бойын бұл күнді тойлаудан аулақ салу еді, - деген Ақтөбе қаласының тұрғыны қайшыны алып, құттықтау хаттарды біртіндеп жоя бастады.

Жас жігіттің пікірінше, бұл қазақтың салт-дәстүріне сай келмейді.

20, 50 теңге ақша қомақты болмаса да оны осындай бос әуреге жаратқанша дүкендердегі садақа жәшігіне салса әлдеқайда сауапты және қайырлы іс болар еді деп түйіндеді сөзін белсенді жас.