​ Ақтөбенің Қобда ауданында қатты дауылдан үй шатыры ұшып кетті

0
300

Үй 2019 жылы салынған.


​ Ақтөбенің Қобда ауданында қатты дауылдан үй шатыры ұшып кетті

ERNUR.KZ. Қобда ауданында мемлекет балансындағы екі қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Үй 2019 жылы салынған, деп жазады inform.kz.

Қобда ауданында қатты жаңбыр жауып, жел күшейген кезде үйлердің шатыры ұшты. Арасында екі қабатты 8 пәтерлі тұрғын үй де бар.

«Үй 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс арқылы салынды. Кешегі дауылда шатыры түгел ұшып кетті. Ауылда шатыры ұшқан, профлист бүлінген басқа да үйлер бар. Бірақ ондай үлкен шығын жоқ. Төтенше жағдай болған соң екі қабатты үйдің шатырын біз жөндейміз. Шығынын есептетіп, қаржы бөлінеді. Бүгіннен бастап құжаттарына кірістік», - деді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев.

Айта кетейік, Қобда ауданы көктемде суға кетіп, мұнда 100-ден астам үй жарамсыз болып қалды. Аудан орталығында 130 үй бой көтеріп жатыр.