Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
ERNUR.KZ. Тамыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау басталды, деп жазады baq.kz.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу Қағидаларына сәйкес жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдау үшін 2019 жылғы 17 мен 20 тамыз аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі.Өтініштер желілік ЖОО-да 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.
"Бұл тестілеу ақылы түрде өткізіледі, бағасы – 2242 теңге", - делінген хабарламада.