Алакөлдегі анаконда: Әлеуметтік желіде видео тарады

0
1 686

Көп адам "Алакөлдегі анаконданың" видеосын жолдап, оның мән-жайын сұрап жатыр


Алакөлдегі анаконда: Әлеуметтік желіде видео тарады

ERNUR.KZ. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет «Алакөлдегі анаконда» атауымен әлеуметтік желіде тарап жүрген видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Сұмдық Алакөлде анаконда мекен етеді». Көп адам «Алакөлдегі анаконданың» видеосын жолдап, оның мән-жайын сұрап жатыр. Әлбетте бұл жалған ақпарат. Біздің отандастарымыз ол видеоның басқаша дауыспен жазып, біреуді күлдірткісі келген секілді. Анаконда біздің жерде тіршілік етпейді», - деген Сәкен Ділдахмет видеоның түпнұсқасы мен өзгертілген нұсқасын салды.



Еске сала кетсек осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желілерде тараған «Катонқарағайдан анаконданың табылғандығы» туралы ақпарат шығысқазақстандықтардыда біршама дүрліктірген болатын. Қытай мен Ресейдің шекарасына тиіп жатқан аталмыш ауданның ең түкпіріндегі «Аршаты ауылынан анаконда табылды» деген мәлімет алдымен «WhatsАрp» арқылы тарап, көп ұзамай барлық әлеуметтік желіде талқылана бастаған еді.

Алайда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар әлемі бөлімінің басшысы Азамат Мүбәраков Бұқтырманың ағысы қатты болғандықтан, онда су жыландары кездеспейтінін айтқан еді.