Алакөлге бара жатқан автобус аударылып, 17 адам ауруханаға жеткізілді

0
1 481

Олар көптеген жарақат алып, денелерінің белгілі бір бөліктері сынған.


Алакөлге бара жатқан автобус аударылып, 17 адам ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Алматы облысында Алакөлге бара жатқан 47 жолаушысы бар автобус аударылды, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде таңертең Алакөлге бара жатқан жолда Қабанбай шағын ауданында жол-көлік апаты болғаны туралы ақпарат тарады. Алматы облысы полиция департаменті аталған фактіні растады.

«Автобус Алматы – Өскемен автожолының 462-ші шақырымында аударылды. Автобус салонында сол сәтте 47 жолаушы отырған. Зиян шеккен үш азамат Сарқан қаласының ауруханасына жеткізілді», - деді полиция баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ол аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-баптың 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын айтты. Мұнымен қатар, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, зиян шеккендердің саны бұдан да көп.

«Жол апаты кезінде зиян шеккендердің саны – 17 адам. Олардың ішінде екеуі беті сырылып, жабық бас-ми жарақатын алды деген диагнозбен Қабанбай шағын ауданындағы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, Сарқанның орталық ауруханасына тағы үш адам жеткізілді. Олар көптеген жарақат алып, денелерінің белгілі бір бөліктері сынған. Бір науқастың мойын омыртқасы, қалған екеуінің сол жақ иығы сынған. Басқа зиян шеккендер амбулаториялық емнен кейін үйіне жіберілді. Жалпы бес жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді», - деді Ғалымұрат Жүкел.