Алдағы екі күнде 40 градусқа дейін аяз күтіледі

0
1 186

Таулы аудандарда баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.


Алдағы екі күнде 40 градусқа дейін аяз күтіледі

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы екі күнде ауа райы суытып, аяз болатынын хабарлады, деп жазады baq.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 21, 22 желтоқсанда түнде ауа температурасының Ақмола облысының оңтүстігінде 30-33 градус аязға дейін, Қарағанды облысында 32-35 градус аязға дейін, Шығыс-Қазақстан облысында 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Астана қаласында түнде ауа температурасының 30-32 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Бұдан басқа, 21 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде тұман сақталады. Таулы аудандарда баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.