Алдағы тәуліктерде күн 26 градусқа дейін ысиды

0
640

Ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.


Алдағы тәуліктерде күн 26 градусқа дейін ысиды

Қазгидромет 14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қара теңізден келетін антициклон біртіндеп Қазақстан аумағына жылжи бастайды. Осыған байланысты ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Түнде ауа температурасы кейбір облыстарда төмендейді, күндіз кей жерлерде ауа температурасы плюс 15…26°С дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.