Алдағы жеті жылға мол үміт артамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

0
505

Тоқаев елдегі демократиялық қозғалыстардан мол үміт күтетінін мәлімдеді.


Алдағы жеті жылға мол үміт артамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

ERNUR.KZ. Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев өз таңдауын жасап, сайлау учаскесінде журналистердің сауалына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Елдегі осындай жақсы, демократиялық қозғалыстардан күтетінім көп, үмітім зор. Менің ойымша, біз әділетті, жаңарған Қазақстанға жетеміз. Менің үмітім зор жәнеосы уақыт ішінде өз сайлаушыларыма идеяларымды жеткізе алдым, мен мұнда әлеуметтік мәселелердің жаңарғанын көріп тұрмын – бұл мен үшін маңызды. Менің алдағы жет жылға мол үміт артам", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның пікірінше үгіт-насихат науқақына берілген бір ай – аз уақыт емес. Дегенмен, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл уақыттың күрделі кезек болғанын айтты.

"Бір ай, кейбір адамдар үшін біршама аз болып көрінген шығар, алайда интернет ғасырында бір айдың өзі жеткілікті. Өз штабыммен бірге бүкіл елді аралап шыға алғаныма, әрбір сайлаушыға өз идеяларым мен ойларымды жеткізе алғаныма ризамын. Барлығы дұрыс болды деп айта аламын, бәрі жақсы. Бүгін мемлекет үшін үлкен мереке. Бұл елдің болашағы үшін таңдау жасау мүмкіндігі, сондықтан бүгін менің көңіл күйім көтеріңкі. Дегенмен, күрделі кезең болды және бүгін оның логикалық тұрғыда аяқталатын күні. Таңдауды халық жасайды. Көңіл-күйім өте жақсы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.