Үндістан делегациясын Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды.
ERNUR.KZ. Үндістандық Adani Group конгломератының басшысы Гаутам Адани Астанаға іссапармен келді. Бұл туралы "Kazakh Invest ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Үндістан делегациясын Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сонымен қатар премьер-министр Әлихан Смайылов және орталық мемлекеттік орган басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.
Қос тарап логистика, энергетика сынды салалардағы екіжақты серіктестік мәселелерін талқылайды.
2022 жылдың қарашасында Adani Group-тың қаржы айналымы 280 миллиард долларға жеткен. Ал Қазақстанға іссапарын Сыртқы істер министрлігі мен Kazakh Invest Ұлттық компаниясы ұйымдастырды.