Әлеуметтік қызметкердің өзін қалай ұстау керектігі туралы құжат бекітілді

0
1 044

Бұл Қазақстан тарихындағы әлеуметтік сала мамандарының жұмысын реттейтін алғашқы құжат.


Әлеуметтік қызметкердің өзін қалай ұстау керектігі туралы құжат бекітілді

иллюстрациялық фото

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі мінез-құлықтың кәсіби этикасы бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Қазақстан тарихындағы әлеуметтік сала мамандарының жұмысын реттейтін алғашқы құжат.

«Әдістемелік ұсынымдар қоғам тарапынан әлеуметтік қызметкерлерге деген сенімді нығайтуға және олардың мәртебесін арттыруға, әлеуметтік қызметкерлер мен арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылар арасындағы қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған», делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, Әлеуметтік әділеттілік, адалдық, гуманизм, құзыреттілік, үздіксіз кәсіби даму және т. б. әлеуметтік қызметкердің негізгі этикалық қағидалары болып табылады. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлерге қызмет алушылармен, әріптестермен және қоғамда өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар беріледі.

«Әлеуметтік қызмет көрсету, халықпен тікелей жұмыс істеу – бұл әдістемелік білім мен дағдыларды талап ететін еңбек. Адамдар қиын өмірлік жағдайда оларға жүгінеді, бұл моральдық тұрақтылық пен арнайы кәсіби этиканы қажет етеді. Әлеуметтік қызметкерлердің мінез-құлқы қоғамның сенімін нығайтуы керек. Сапасыз қызмет көрсету мен жанжалды жағдайлардың алдын алу үшін кәсіби этика маман даярлаудың ажырамас бөлігі болуы керек. Сондықтан министрлік UNICEF-пен бірлесіп әлеуметтік қызметкерлердің этикалық мінез-құлқының әдістемелік ұсынымдарын әзірледі және қабылдады», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.

Бүгінгі күні Қазақстанның әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 30 мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың 11 мыңы – әлеуметтік қызметкер.