Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылады деген ақпарат тарады

0
2 751

Жалған ақша жасаушылар өз қызметтерін негізінен Ресей мен Украинада ұсынады.​


Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылады деген ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Instagram әлеуметтік желісінде жалған доллар, рубль, еуро және гривна ұсынатын аккаунттар табылды. Жалған ақша жасаушылардың айтуынша, бұл жалған ақшаны нағыз купюрадан айыру мүмкін емес. Оларды терминалдар мен банкоматтар қабылдайды, деп жазады stopfake.kz.



Жалған ақшаны сату жарнамасы басқа платформаларда да кездеседі. Жалған ақша жасаушылар өз қызметтерін негізінен Ресей мен Украинада ұсынады.



Жалған купюралар «бір жерге қою» әдісімен сатылады – оларды белгілі бір жерде жасырады және Сатып алушыға белгіленген жердің картасын жібереді. Кейбір жағдайларда «ақшаны» поштамен жібереді.
«Настоящее время» басылымының журналистері Instagram-дағы парақшасында мұндай сату схемасы іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын тексеріп көрген. Алайда, тілші жалған ақша жасаушыларға ақша мен аударымды растайтын чекті жібергеннен кейін, сатушы ықтимал сатып алушыны бұғаттап, бүкіл жазбаны өшіріп тастады.
Қазақстанда ҚР ҚК 231-бабына сәйкес, жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау, ауыстыру немесе өткізу үшін бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Егер әлеуметтік желілерден осындай жарнаманы көрсеңіз, сілтемелер бойынша өтпеңіз және авторлармен байланысқа шықпаңыз.