Әлі ақталған жоқпын - желтоқсаншы

0
1 879

19 жасында алаңда жүрген Анар Рақымжанова сол ызғарлы күндерді әлі ұмыта қоймаған.


Әлі ақталған жоқпын - желтоқсаншы

ERNUR.KZ. Анар Рақымжанованың есімі 1986 жылы түсірілген фотодан кейін көпке танылды. Әйгілі суретте қазақтың шынашақтай қызын үш милиция қызметкерінің алаңнан сүйреп бара жатқан сәті бейнеленген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Биыл Желтоқсан көтерілісіне 34 жыл толса да, 19 жасында алаңда жүрген Анар Рақымжанова сол ызғарлы күндерді әлі ұмыта қоймаған. Талай жасты тоңдырған желтоқсан айын кейіпкеріміз көп есіне алғысы келмейді.

Бірақ «Азат Алаң» бағдарламасына ашық сұхбат беріп, желтоқсаннан кейінгі өмірі, отбасы, алаңға шыққандардың ауыр тағдыры, Қаскелең қаласының ішкі істер бөлімінде қазақ қыздарына көрсетілген қорлықтар пен өзін батыр деп атауға неге қарсы екені туралы айтты. Бұл суретке күмән келтіргендерге де өз жауабын берді.

Айта кетейік, кейіпкеріміз Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Рақымжановтың қызы. Анар Рақымжанова 1985 жылы Семейден Алматыға келіп, сол кездері аты дүркіреп тұрған Қыздар педагогикалық университетіне оқуға түспек болады. Алайда, алаңға шыққаны үшін 5 жылға жоғары оқу орнына түсу құқығынан айырылған.