Әлихан Смайылов Қытайға барды

0
941


Әлихан Смайылов Қытайға барды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп жазады Kazinform.

Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.

"Сондай-ақ Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады", - деп жазды Үкіметтің ресми сайты.