Алимент төлемей жүрген елорда тұрғыны баласына пәтер алып берді

0
1 630

Пәтер Ақмола облысына қарасты Қосшы елді мекенінде орналасқан.


Алимент төлемей жүрген елорда тұрғыны баласына пәтер алып берді

ERNUR.KZ. Елордада 2017 жылдан бері алимент төлемей келген азамат ұлына 1 бөлмелі пәтер сатып әперді, деп жазады ҚазАқпарат.


«2017 жылдың қарашасында 2016 жылғы сот бұйрығы негізінде азамат А-дан бұрынғы әйеліне ұлдарын бағып-қағуы үшін алимент өндіріп алу туралы атқарушылық өндіріс қозғалған болатын. Сот бұйрығы түскен сәттен қаулы негізінде 769 620 теңге қарызды өндіріп алудың барлық мәжбүрлі шаралары қабылданды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.


Оның айтуынша, 2020 жылдың желтоқсанында борышкер мен өндіріп алушы алиментті төлеу туралы келісімге келіп, оның аясында борышкер алимент бойынша негізгі және алдағы уақыттағы қарыздарының есебінен ұлына пәтер сатып әперді. Пәтер Ақмола облысына қарасты Қосшы елді мекенінде орналасқан. Осыған орай атқарушылық өндіріс тоқтатылды.