Алимент төлеуден бас тартқан СҚО тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды

0
1 379

Ол 2011 жылдан бері баласының алдындағы парызын өтемей келген.


Алимент төлеуден бас тартқан СҚО тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ERNUR.KZ. Туған баласына алимент төлеуден бас тартқан Солтүстік Қазақстан тұрғыны қылмыстық жауапкерлішікке тартылды. «Көкек әке» сот шешімімен бір жылға бас бостандығынан айрылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы 2011 жылдан бері баласының алдындағы парызын өтемей келген. Сот орындаушыларының да ескертуін құлағына ілмеген Қызылжар ауданы Белое ауылының тұрғыны ақыры сот алдында жауап берді. Тергеу амалдары баысында 33 жастағы «көкек әкенің» жұмыс істегені, ай сайын тұрақты табысы бар екендігі анықталған. Алайда ол туған баласына жәрдемдесуді жөн санамапты. 9 жыл бойы парызын орындамай келген азаматты сот бір жылға бас бостандығынан айырды.

«Балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қылмыстық кодексте қоғамдық жұмыстардан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалар қарастырылған. Өкінішке қарай бала алдындағы парызын орындаудан қашатын жауапсыз ата-аналар жетерлік», - дейді СҚО Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Ербол Бектұров.

Қызылжар ауданының тағы бір тұрғыны қылмыстық жауапкерішіліктен құтыла алмайтынын ұғынып, қызының алдындағы 700 мың теңге қарызын өтеген. Баланың анасы сот орындаушыларына жүгінген, алайда олардың араласуынан кейін де ер адам өзінің 9 жасар қызын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындауға асықпаған. Қызылжар ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 139-бабы «Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Мамандар ауыл тұрғынының табысы бар екенін анықтады. Тергеу аяқталып, іс прокуратураға жолданғаннан кейін, ол қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайтынын түсініп, бұрынғы әйелімен татуласып, алимент бойынша барлық қарыздарын төлеген.