Әлия Назарбаеваға қатысты рейдерлік шабуыл жасау бойынша қылмыстық іс Алматының экономикалық тергеу департаментіне берілген.
ERNUR.KZ. Әлия Назарбаева "TPK Asia" басшысы Нұрлан Бимурзинге қарсы арыз жазды, деп жазады stan.kz.
28 мамырда Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Бимурзинге қатысты іс бойынша сот отырысы өтеді.
Әкімшілік кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған жала жабу" бойынша іс қаралады. Сот отырысы онлайн видеоконференция арқылы өтеді.
Нұрлан Бимурзин Әлия Назарбаеваның "TPK Asia" мекемесін рейдерлікпен басып алуына қатысты бас прокуратураға арызданған еді. Сол үшін Әлия Назарбаева оны сотқа берді.
Еске салайық, бұған дейін Әлия Назарбаеваға қатысты рейдерлік шабуыл жасау бойынша қылмыстық іс Алматының экономикалық тергеу департаментіне берілгенін жаздық. Сол арқылы прокуратура Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызына қарсы “сотқа дейінгі тергеу жүргізуден бас тарту туралы” полицияның шешімін жойды.