Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

0
922

Әлия Рақышева 1980 жылы туған.


Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

фото: tengrinews.kz.

Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім болды.

Әлия Рақышева 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында басшылық лауазымдарда болды.

2013 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына дейін ҚР Президентінің Кеңесшісі болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай , Әлия Рақышева ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.