Алқабилер іріктеу сотына шағым жоқ — С.Нүкенованың ағасы

0
556

Жабық сот отырысында алқабилер алқасына 12 адам: 10 – негізгі, 2 – қосалқы құрам таңдалды.


Алқабилер іріктеу сотына шағым жоқ — С.Нүкенованың ағасы

ERNUR.KZ. Айтбек Амангелді алқабилерді іріктеу соты еш құқықбұзушылықсыз өткенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жалпы алқабилер таңдау сот отырысы тиімді әрі тез өтті деп ойлаймын. Іріктеу төрт кезеңнен тұрды, барлығы түсінікті әрі тиянақты жасалды. Ешқандай құқықбұзушылықтар тіркелмеді, екі тараптан да шағым түскен жоқ", — деді Айтбек Амангелді.

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер алқасына 12 адам: 10 – негізгі, 2 – қосалқы құрам таңдалды

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді.