19 учаскеде барлық мән-жай анықталғанға дейін құрылыс жұмыстары жүргізілмейді.
ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы даулы аумақтарда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.
Алматы әкімдігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес, қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым салынған.
Қолданыстағы заңнама мен Мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекеттер анықталып отыр. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда (19 учаске), оның ішінде Самал-3 ықшам ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады.