Алматы әкімі тау беткейінде құрылыс жүргізуге тыйым салуға уәде берді

0
700

Әкім сұраққа жауап бере келе қалада жаңа бақтар керек екенін айтты.


Алматы әкімі тау беткейінде құрылыс жүргізуге тыйым салуға уәде берді

ERNUR.KZ. Ерболат Досаев Алматы маңындағы тау беткейінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салуға уәде берді, деп жазады Stan.kz

"Дүйсенбі күні мәслихатпен жиын өткізіп, құрылыс жұмыстарының ережесін талқылаймыз. Мұндағы басты сауал – тау беткейіндегі құрылысқа тыйым салу. Заңсыз құрылыс жұмыстарына қатысты мәселені шеше алмаймыз. Барлығының қолында жекеменшік туралы акт бар. Олар Талғар ауданынан өтіп кеткен, заңды күшке ие. Қалаға қосылғалы үлкен мәселеге айналды", – деді Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуде.

Сонымен қатар кездесу кезінде алма ағаштарын кесу сұрағы да көтерілді.

"Алма ағаштар көптеп кесіліп жатқан орын – "Каменское плато". Бірнеше рет лай көшкіні болды. Біз бақтарды рекреакциялық аймаққа қосуды сұраймыз", – деді тұрғындардың бірі.

Әкім сұраққа жауап бере келе қалада жаңа бақтар керек екенін айтты. Сондай-ақ тау беткейін нығайту үшін жұмыс жүргізу керегін атап өтті.