5 қаңтар күні Алматы әуежайына шабуыл жасалған еді.
Алматы халықаралық әуежайы 13 қаңтарда жұмысын қайта жандандырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ақпарды Алматы әуежайының баспасөз қызметі таратты.
Алматы халықаралық әуежайы 2022 жылдың 13 қаңтарында сағат 00:00-де жұмысын қайта жандандырады. Алматы қаласында коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты, әуежай 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Ішкі рейстер де, халықаралық рейстер де орындалады. Қауіпсіздік мақсатында терминалға тек жолаушылар ғана кіре алады.Алматы әуежайының баспасөз қызметі
5 қаңтар күні Алматы әуежайына шабуыл жасалған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестер әуежай мен бес ұшақты басып алғанын мәлімдеді. Кейін әуежайдың босатылғаны белгілі болды.
11 қаңтар күні Алматы әуежайы техникалық тұрғыдан жұмысын қайта бастауға дайын екендігі белгілі болды.