Ермек Нарымбаев осыдан жеті жылға жуық бұрын ұлтараздықты қоздыру бағытындағы ақпаратты таратты деген айып тағылған болатын.
ERNUR.KZ. Алауыздықты қоздырды деген күдікке ілініп, сотталған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Прокуратура мәліметінше, Нарымбаев Алматы әуежайында Киевтен келген бойда ұсталды.
"Ол іздеуде жүрген болатын. Нарымбаев Қылмыстық кодекстің 174-бап "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша сотталған. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ермек Нарымбаев осыдан жеті жылға жуық бұрын, 2015 жылдың 12 қазанында ұсталған. Оған әлеуметтік желіде ұлттық ар-намысты қорлау, ұлтараздықты қоздыру бағытындағы ақпаратты таратты деген айып тағылған болатын.