Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.
ERNUR.KZ. Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ көлікпен соқтығысты, деп жазады Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.
Сурет:
Көліктегі полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 22 қазанында болған.
"Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.