Алматы ауруханасындағы ВИЧ инфекциясын жұқтыру деректері: комиссия қорытындысы шықты

0
694

Үш науқастың қауіпті инфекцияны жұқтырған ықтимал ошағы айтылды.


Алматы ауруханасындағы ВИЧ инфекциясын жұқтыру деректері: комиссия қорытындысы шықты

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында науқастардың АИТВ инфекциясын жұқтыру деректеріне қатысты комиссияның қорытындысы жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Әсел Қалықованың айтуына, комиссия мүшелері үш науқастың ВИЧ инфекциясын жұқтыруының ықтимал ошағын анықтағанын, алайда нақты дерек көзін анықтау мүмкін болмағанын мәлімдеді.

«Комиссия мүшелері 745-тен астам адамды тексерді. Оның ішінде қан мен оның компоненттерінің 118 доноры, 231 медицина қызметкері, бірлескен стационарлық ем қабылдаған немесе ауру бағыты бойынша медициналық ұйымдарға жүгінген 396 науқас, пациенттердің жыныстық серіктестері тексерілді», - деп атап өтті Әсел Қалықова.

Ол қауіпті ауруды жұқтыруға адам факторы, атап айтқанда, операциялық процедуралар стандарттарының бұзылуы себеп болуы мүмкін екенін айтты.

«Инфекцияның ықтимал көзі – ауруханаға басқа бір ауыр сырқатпен түскен науқас анықталды. Оның бойынан АИТВ-инфекциясының жедел кезеңіне тән клиникалық белгілер байқалған. Науқас инкубациялық кезеңде болған болуы мүмкін, мұндай ерте кезеңде қанда вирусқа арнайы антиденелердің болмауына байланысты зертханалық диагностика жасау қиын болады. Бұл ретте науқастың өзін инфекция көзі ретінле анықтау мүмкін болмады – науқас негізгі ауруының асқынуына байланысты қайтыс болды», - деді Әсел Қалықова.

Орталық клиникалық ауруханаға жатқызу кезінде ВИЧ-инфекциясы анықталған үш науқастың нәтижесі теріс болды. Олар бір уақытта реанимацияда болған. Үш науқасқа да ерте инфекция диагнозы қойылды. Комиссия олардыі инфекция жұқтыру көзі бір екенін анықтады.

«Комиссия мүшелері ауру жұқтыру фактісі адам факторына, атап айтқанда, жеке медбикелердің инвазивті манипуляциялар кезінде операциялық процедуралар стандартын бұзуына және олардың қызметіне бақылаудың болмауына байланысты туындаған деген қорытындыға келді», - деді Ә. Қалықова.

Комиссия санитарлық нормаларды сақтау бойынша да заңбұзушылықтарды анықтады.