Алматыда екі су бөгетін салу жоспарланды

0
1 037

Қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары биыл басталуы мүмкін.


Алматыда екі су бөгетін салу жоспарланды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ақсай мен Аюсай шатқалдарында екі жаңа су бөгетін салу жоспарлануда, деп жазады zakon.kz.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіровтың айтуынша, ескі дамбадан жоғары орналасқан елді-мекенді қорғау үшін осындай шешім қажет болды.

Үлкен Алматы шатқалында мейрамханалар салынып, адамдар үй тұрғызды. Енді олардың қауіпсіздігі өзектілік танытуда. Аюсай мен оған көршілес жатқан Ақсай шатқалдарында бұрын су бөгеті болмаған, енді селден қорғауға арналған екі құрылғы салынады. Жақында бұл бөгеттер бойынша мемлекеттік сараптама аяқталды, оң қорытынды алды. Жобалық-сметалық құжаттаманы ҚР ІІМ ТЖК-нің «"Қазселқорғау" мамандарына беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ТЖД басшысы.

Ол қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары биыл басталуы мүмкін екенін атап өтті.