Алматы қалалық сотының ғимараты қоршалып, судьялар эвакуацияланды

0
888

Бұл туралы қалалық сот мәлім етті.


Алматы қалалық сотының ғимараты қоршалып, судьялар эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судьялар мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы қалалық сот мәлім етті.

«Бүгін Алматы қалалық соты кіріс кеңсесінің поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жазылған хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимараты тексеріліп жатыр. Сондықтан, сот процестері кейінге шегерілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қалалық соттың ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды.

Еске салсақ, мегаполистегі орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарылғыш зат қойылғаны туралы шұғыл ақпарат түскенн болатын.