Руслан Бахтигареев есімді азамат facebook-ке коммуналдық қызмет өкілдері ескерткішті трактормен сүйреп құлатқан сәтінен фотолар жариялаған болатын.
ERNUR.KZ. Желіде Алматыда әнші, актер Виктор Цойдың ескерткішін алып тастағаны туралы хабар тарады, деп жазады baq.kz.
Бұған дейін желіде Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы аллеяда тұрған Виктор Цойдың ескерткішін жұлып алып тастағаны туралы хабар тараған еді.
Руслан Бахтигареев есімді азамат facebook-ке коммуналдық қызмет өкілдері ескерткішті трактормен сүйреп құлатқан сәтінен фотолар жариялаған болатын.
"Мұндай былық қашан тоқтайды? Ескерткіштерге немқұрайлықпен қарау қашан бітеді. Көз алдымда Виктор Цойдың ескерткішін құлатып тастап, басқа ешкім көріп қойған жоқ па деп, жан-жағына қарап тұр",-деп жазды ол.Кейін сол жерде болған тағы бір куәгер Игорь Пискунов, жұмысшылар ескерткішті байқамай құлатып алып, қайта орнатып жатқаны туралы жазба қалдырды.
"Цой тірі! Кофеханада отырғанмын даңғыр-дұңғыр ете түсті. Оқиға орнына жүгіріп барсам коммуналдық қызмет жұмысшылары ескерткішті құлатып алыпты. Бәрінен де олар ескерткішті қайта көтеріп, орнына қойғаны қызық болды. Дегенмен бәрі дұрыс, Цой тірі",-деп жазды ол facebook-те.