Алматы – Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып, төрт адам қаза тап

0
351

Төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.


Алматы – Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып, төрт адам қаза тап

ERNUR.KZ. 12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады zakon.kz.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді.

"Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ПД.

Ведомство жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырды.