Зардап шеккен мысықтар 1 ай бойы карантинде болады.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Алматы қаласының маңынан 50-ге жуық мысық өлімші күйде табылды, деп жазады 24.kz.
Көбінің инфекциялық ауруы бар екені анықталды. Түн ортасында даладан оларды волонтерлер тауып алған. Бұлардан басқа да зардап шеккен ит-мысықтар болуы мүмкін дейді белсенділер.
Сондай-ақ «күтіп баптауға шығындалғысы келмеген жандар оларды тастап кеткен болу керек» деп топшылайды. Енді зардап шеккен мысықтар 1 ай бойы карантинде болады.