Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыс: жарақат алғандардың жағдайы айтылды

0
588

Науқастар №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.


Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыс: жарақат алғандардың жағдайы айтылды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыстан жарақат алғандардың жағдайын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазір олардың бәрі Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.

"31 қазанда ауруханаға екі науқас келіп түсті. Диагноздары: оң жіліншігінің оқ жарақаты мен сол жақ жіліншігінің ашық оқ жарақаты. Сонымен қатар, сол жақ асықты жілігінің сынығы анықталды.
Науқастар Алматы облысының Іле ауданынан келіп түсті.
02.11.2020-дағы жағдай бойынша науқастардың жағдайы орташа ауыр, есін жинады, хаттама бойынша ем алып жатыр", - деді №4 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Монгол.

Еске салайық, мұның алдында Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алғаны хабарланған болатын. Полициядағылардың айтуынша, маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келіп, сол жерде мекеме иесімен - 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалған. Содан соң олар оқ атқан. Артынша оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен.