Алматы маңындағы экопостар қалай жұмыс істейді

0
619

Жасыл экономика басқармасының басшысы қалада 19 блокпост болатынын атап өтті.


Алматы маңындағы экопостар қалай жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Алматыда бірнеше экологиялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңес отырысында қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Қазір қаланың периметрі бойынша экопостарды орнатуға қажетті құралдарды сатып алу және орнату бойынша тендерлік процедуралар жүріп жатыр. Экопостар бірдей режимде жұмыс істейді, яғни олар ереже бұзушыларды анықтайды, сонымен бірге қаладағы көліктердің қозғалысын бақылайтын арнайы жүйе іске қосылады. Жылжымалы зертхана да болады. Осылайша, біз автомобильдердің қозғалысын қадағалаймыз», – деді Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы.


Сонымен қатар, Наталья Ливинская қалада 19 блокпост болатынын атап өтті.


«Біз тікелей Полиция департаментімен жұмыс істейміз. Заң бойынша полицейлер көлік иесін тоқтатып, айыппұл салуға құқылы. Экопостарда көліктерден шығатын зиянды заттарды өлшеуге арнайы оқытылған мамандар жұмылдырылады. Сонымен қатар, сол қызметкер хаттама жасайды, оның негізінде полиция қазірдің өзінде шара қолдана алады», - деді ол.


Бұған дейін, карантин кезінде жұмыс істеген блокпост тұрған жерлерде экопостар орнатылатыны туралы жазған болатынбыз.