Алматы маңындағы полигоннан шыққан өрт екінші күн сөндіріліп жатыр

0
829

Өртті сөндіруге 100-ден астам адам мен 30 дана техника жұмылдырылды.


Алматы маңындағы полигоннан шыққан өрт екінші күн сөндіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы облысы Төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері полигонан шыққан өртпен екі күн бойы арпалысып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін өртеніп жатқан полигонға 500 тоннадан астам су мен топырақ себілді.


"Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта ашық от пен қалың түтін жоқ, бықсып жатыр. Ми-8 тікұшағы 39 рет көкке көтеріліп,17тонна су шашты. Өрт сөндірушілермен 168 тонна су құйылды, 255 тонна топырақ себілді. Қоқыс қалдықтарының бықсып жануы 10-15 метр тереңдікте болғаныдқтан оны ауыздықтау қиындық тудыруда", - деп түсіндірді ТЖД .


Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Іле ауданы әкімдігі, «АДК Таза Әлем» ЖШС және «Алатау-Құс» зауытынан 100-ден астам адам мен 30 дана техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды, аудан әкімдігі жанар-жағармай жеткізу мен өрт сөндірушілерге тамақ ұйымдастырды. Қызыл жалын 3 га жайылды, ал полигонның жалпы ауданы - 38 га.



Еске салайық, Іле ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының (35 км) қоқыс полигонына қатты қалдықтардың тұтанғаны туралы хабарлама 10 маусымда сағат 14.26-да облыстық төтенше жағдайлар басқармасына түскен болатын.

Кейін қоқыс полигонындағы өрттен Алматы-Қапшағай трассасында 8 көлік соқтығысты.

Сондай–ақ, өртті сөндіруге 3 тонна су тасымалдайтын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды.