Жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол қалалық Жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Алматы метросында пойызды күтіп тұрған жолаушы платформадан төменге құлап кетті, деп жазады zakon.kz.
Оқыс оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода платформа шетінде пойыды күтіп тұрған жас жігіттің бір уақытта теңселіп, өздігінен төмен, рельс жолына құлады. Мұны көрген куәгерлер жігітті құтқаруға асықты, тағы бірі алыстан пойыздың жүргізушісіне қолын сермеп, тоқтауын сұрап, ескерту жасады.
"Бұл оқыс оқиға 27 қарашада Алматы қаласының метросында Байқоңыр станциясында сағат 19:19 шамасында болған. Жас жігіт кенет өзін жайсыз сезініп, есінен танып, рельс жолына құлаған. Электрмен жүретін пойыз машинисі токты ажыратып, дереу тоқтап үлгерді. Жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол қалалық Жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханаға жеткізілді. Зардап шегуші өміріне қауіп төндіретін жарақат алмаған, жолаушының метро қызметіне шағымы жоқ", - дейді қалалық метроның баспасөз қызметі.