​Алматы облысы қуатты өңірге айналып келеді

0
584

Экономиканың тұрақты тұруына бірден бір әсер ететін сала – шағын және орта бизнес жұмысы


​Алматы облысы қуатты өңірге айналып келеді

Суреттер Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Алматы облысы экономиканың қай саласын алсақ та, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Былтыр өндірістік сала да жақсы нәтиже көрсетті.

Өңірде цемент зауыты ашылды, ол 1,2 миллион тонна цемент өндіруге қауқарлы. Инвестиция көлемі – 47 миллиард теңге. Сондай-ақ өткен 2021 жылдың өзіде-ақ облыста алкогольсіз сусын шығаратын зауыт ашылды. Өңірде тұрғын үй құрылысы да жақсы дамыған, бір жылдың ішінде құрылыс материалдарын өндіретін екі кәсіпорын жұмысын бастады. Өнеркәсіптік өндіріс 1 трлн 300 млн теңгеден асты.


Ауыл тұрғындарының жағдайы басты назарда

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Өткен жылы мемлекеттік қолдау ретінде 50 млрд теңгеден астам қаражат бөлінсе, оның ішінде 43 млрд теңге ге субсидиямен 15 мың шаруашылық қамтылды. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдары алқабы 972 мың гектарға жетіп, оның ішінде қант қызылшасы 16 мың, жүгері 95 мың, картоп 40 мың гектардан асады.


Облыстың 2025 жылға дейінгі жоспарында қант қызылшасы өсірілетін аумақты 53 мың гектарға жеткізу бар. Соған байланысты өндіріс көлемі де екі миллион тоннаға дейін жеткізіледі деген меже нақты мақсат болып отыр. 2030 жылға да жоспар құрылған. Ол уақытқа дейін суармалы жер көлемі үш миллион гектарға дейін жеткізілмек. Кейінгі үш жылдың ішінде қырық гектарға жуық бұрын шығып қалған суармалы жер тартылып, 2021 жылы он төрт мың гектар қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Алматы облысы ауыл шаруашылығының ішінде мал шаруашылығына да ден қойған. Мысалы бір жыл ішінде құс шаруашылығында 2% өсім байқалады. Облыс өзін мал азығымен қамтамасыз етіп отыр. Тіпті елімізде құрғақшылық қиындығына тап болған өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуге қауқарлы, мысалы былтыр Маңғыстау облысына 54 вагон шөп жіберілген.

Агроөнеркәсіп кешенінің қайта өндірілген өнімінің көлемі 25%-ке өсіп, 97 млн долларды көрсетті.


Алматы облысы агро саласында рекорд жаңартты, алғаш рет өнім бір триллион теңгеден асатын нәтиже көрсетті.


Ал әлеуметтік азық-түлік бағасының шарықтамауы үшін облыс басшылығы 2021-2024 жылдарға бағытталған инфляцияға қарсы жоспарын бекітті. Ол былтыр қыркүйекте үкімет қаулысымен күшіне енді. Тұрақтандыру қоры және жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен бір жылда 3,7 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде үш миллиард теңге кәсіпкерлік нысандарына жеңілдетілген несие беруге бағытталған.


Экономиканың тұрақты тұруына бірден бір әсер ететін сала – шағын және орта бизнес жұмысы. Қазір облыста 130 мыңға жуық шағын және орта бизнес нүктесі жұмыс істеп тұр, ол жерде 270 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 2020 жылмен салыстырғанда былтыр сауда көлемі сегіз есе артқан – бюджетке 144 миллиард теңге түскен. Мемлекеттік бағдарламалар аясында үш мыңнан астам кәсіпкер 26 миллиард теңге көмек алған. Жыл аяғына дейін көрсетілген қызмет пен шағын және орта бизнестің табысы екі триллион теңгеге жетті, бұл жалпы ішкі өнімнің 34,3%-і. Осылайша, мемлекет басшысы 2025 жылға дейін ЖІӨ-нің 35%-ін көрсету туралы тапсырмасы 2022 жылы орындалғалы отыр.

Ал құрылыс саласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылына бір миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

Алматы облысында халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуы ел бойынша алдыңғы қатарда тұр, тұрғындардың 98%-нен көбі орталықтандырылған сумен қамтылған. Елді мекендерді газдандыру бойынша да жұмыстар қызу жалғасуда, жылу көздерін газға ауыстыру да назардан тыс қалмаған. 2020 жылы халықтың 59%-і газға қосылса, 2021 жылы тағы он үш елді мекен қамтылған. Осылайша облыс тұрғындарының 61%-і газбен қамтылды. 2020 жылы Талдықорған мен Қапшағайда үш қазандық газға ауыстырылса, былтыр тағы үш қазандық газбен жұмыс істей бастады.


Экологияны жақсарту – халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту

Соған байланысты былтыр Талдықорғанда экологиялық мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінді, сол арқылы қалада газбен жүретін 55 қоғамдық көлік іске қосылды. Жыл сайын жолдардың да жағдайы жақсарып келеді. 2021 жылы облыстық маңызы бар 316 шақырым жол жөнделді, 154 елді мекенде ішкі жолдар жөнделді. Оған 47 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Осылайша былтырғы қорытынды бойынша жақсы және орташа жағдайдағы жолдар 89%-ке жетті.

Сондай-ақ халықтың табыс деңгейін сақтауға, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар іске асып жатыр. «Еңбек» бағдарламасы бойынша былтыр алпыс мың жұмыссыз азамат пен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қамтылды. 251 мың адам әлеуметтік көмек алды.



Мектептерде үш ауысымды жою үшін және орын тапшылығы болмауы үшін облыста 2021-2025 жылдары 115 мектеп салынуы қажет. Жоспар бойынша 2021 жылы салынуы керек 17 мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ 137 мектепті модернизациялау бойынша жұмыс жүріп жатыр, оған 11,3 миллиард теңге бөлінген. Бір жылда облыста шамамен 130-дан астам балабақша ашылып жатыр.

Денсаулық саласында маман тапшылығы бар, дегенмен оны шешу үшін облыс әкімдігі медицина қызметкерлерін баспанамен қамтуға назар аударып отыр. Мысалы, былтыр облыс бойынша екі жүзге жуық дәрігер баспаналы болды.


«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында облыс бойынша бір жылда төрт мәдениет үй жөнделсе, Талдықорған және Үштөбе қалаларында гүлзарлар қалпына келтірілді. Спорт саласында облыста жыл ішінде 13 дене шынықтыру-сауықтыру орталығы салынды. Талдықорған қаласында заманауи бассейн салынды, мұндай кешен Орталық Азияда әлі салынбаған. Ол жерде қазірдің өзінде мыңнан аса бала жаттығады. Жалпы алғанда екі мың адамға дейін қабылдауға қауқарлы.


Қазақстанның қуатты елге айналуы үшін түрлі жобалар іске асырылып, ауқымды жоспарлар жасалып жатқаны белгілі. Қайсыбірі болмасын, халықтың өмір сүру ортасын қолайлы ету үшін жасалатыны анық. 2021-2025 жылдарға жоспарланған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы жоғарыда аталған жұмыстардың барлығын қамтитынын ескерсек, облыста ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылып жатқанын көреміз. Жобаның мақсаты да сол.

Айгерім Қыдырбаева,

ERNUR.KZ