Тағы бір 1990 жылы туған ер адам жарақат алды.
ERNUR.KZ. Алматы облысындағы тау шатқалдарында жүк көлігі аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп жазады adyrna.kz.
«9 сәуірде сағат 15.30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданы, Черкасай шатқалында «Газ-66» автокөлігі тау жолынан шатқалға аударылып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты, тағы бір 1990 жылы туған ер адам жарақат алды», - деп хабарлады.
Ведомствода хабарлағандай, қаза болған жүргізушінің денесін шығару үшін ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары (бес қызметкер мен бір техника), еріктілер (10 адам мен екі техника) жұмылдырылды.