Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше Іле аудандық сотының шешімімен күдікті қамауға алынды.
ERNUR.KZ. Алматы облысында «Пәтер» шарасы барысында бұрын сотталған кәсіпқой тонаушы ұсталды. Күдіктінің 2018 жылдан бері 15 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Іле ауданының аудандық полиция қызметкерлері наурыз айының соңына таман Боралдай ауылының тұрғынын қолға түсірді. Тәртіп сақшылары бұрын істі болған39 жасар азаматты жерлігікті православ шіркеуінің дүкеніне қарақшылық шабуыл жасауы мүмкін деген күдікпен ұстаған. Күдіктіден бағалы металлдан жасалған алқалар мен басқа да бұйымдар табылып, айғақ зат ретінде тәркіленген.
Сот алды тексеру барысында күдіктінің 15 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Тоналған заттар ломбардтан табылып, қылмыстық іске тіркелді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше Іле аудандық сотының шешімімен күдікті қамауға алынды. Ауыл тұрғыны бұрын да ұрлық, есірткі заттарды сақтау және сату бойынша істі болған. Сәуір айының басынан полицейлер Алматы облысы аумағындағы арнайы шара барысында 30 ұрлық ашылып, 5 жағдай бұрын жасалған қылмыс қатарынан екені белгілі болды. Айта кету керек «Пәтер» жедел шарасы 10 сәуірге дейін жалғасады.