Олар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелік ауылынан 80 шақырым жердегі, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасына барған.
ERNUR.KZ. Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасы іздестіріліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Төрт ер адам, екі әйел адам және бір баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама 2023 жылдың 3 қаңтарында сағат 08:00-де келіп түскен. Олар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелік ауылынан 80 шақырым жердегі, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасына барған.
"Жоғалған адамдар 2023 жылдың 2 қаңтарында екі көлікпен Алматыдан Асы қыратына қарай шығып, үйлеріне оралмаған", - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізуде, сонымен қатар дрон жұмылдырылған.