Ғимараттың 200 шаршы метр аумағын өрт шалған.
сурет:voxpopuli.kz
ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында әкімдік ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. Ғимараттың 200 шаршы метр аумағын өрт шалған.
«Өртенген ғимарат пен ең жақын өрт сөндіру бөлімінің ара қашықтығы 25 шақырым болды. Сағат 12:13-те «101» пультіне өрт туралы хабар келіп түсті. 12:50-де өрт ауыздықталды және 13:18-де толықтай сөндірілді. Оған Өрт сөндіру бөлімінің 7 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді», - деп жазды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Комитет келтірген деректерге сәйкес, тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрт себептері анықталып жатыр.