Алматы облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі жалпы құны 7 млн теңге болатын малды пара ретінде алған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол шаруа қожалығы аумағында орналасқан 40 гектар көлді жеке меншік ретінде тіркегені үшін шаруа қожалығы өкілінен жалпы сомасы 7 000 000 теңгеге мал түрінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда», – деді Д. Бигайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте. Спикердің айтуынша, күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.