Алматы облысында балабақшада күтушінің көзінше бүлдіршінді құрдасы ұрып-соққан

0
221

Видеоны зардап шеккен баланың анасы жариялады.


Алматы облысында балабақшада күтушінің көзінше бүлдіршінді құрдасы ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Алматы облысында балабақшада балалар күтушінің көзінше бір-бірін соққыға жыққаны туралы видео тарады, деп жазады Stan.kz.



Балабақшалардың бірінде баланы өз құрдасы ұрып, тістеген. Ал тәрбиеші бұл жағдайды көріп тұрып, ешқандай әрекет жасамаған. Видеоны зардап шеккен баланың анасы жариялады. Оның айтуынша, оқиға таңертең болған, бірақ оған тек түске қарай хабарлаған.

Видеода баланы ұрып-соғып, тістеп жатқанын көруге болады. Ол жылап, айқайлап жатыр. Ал бөлмедегі тәрбиеші бала жылағанына қарамастан оған көңіл аудармайды. Бұл жағдай 13 қарашада сағат 11:15 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданындағы "Тамирлан" балабақшасында орын алған.

Алматы облысының әкімдігі баспасөз хатшысы Жанна Арынбеков ішкі тексеру қорытындысы бойынша, тәрбиеші сол уақытта жұмыс орнында болмағанын хабарлады. Ал бөлмеде болған тәрбиеші емес, тәрбиешінің көмекшісі. Ол қызметінен босатылды.

"Балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, олардан осындай жағдайлар қайталанбас үшін жазбаша міндеттемелер алынды. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін білім басқармасы профилактикалық шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті", — деді Жанна Арынбекова.